Қазақстанда жаңа мереке бекітіледі
Қараша айының екінші бейсенбісінде Сапа күні аталып өтеді. Бұл туралы Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда тиісті мереке күнін бекіту тұтынушылардың сапалы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға, отандық кәсіпорындар мен ұйымдарды ынталандыруға ықпал етеді және заманауи әлемдік үрдістерді ескере отырып, шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді жетілдіреді.
Бұл күн дүниежүзілік қауымдастық – 1989 жылдан бастап жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сапа күніне орай теңестірілді.
Оны БҰҰ қолдауымен Еуропа, Америка және Жапон сапа ұйымдары құрды. Жыл сайынғы әлемде түрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың мақсаты - тұрақты дамуды және азаматтардың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, қоғамды басқарудың жоғары сапасының маңызын атап өту, - деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысының жобасына.
Құжат 15 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.