Жаңалықтар

Қазақстанда Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Ядролық энергетика агенттігі құрылады
Фото: Ақорда 14.03.2025 17:14 113

«Қазақстан өзін электр қуатымен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, оны әлемдік энергетика нарығына да экспорттайтын ірі елге айналуы керек. Бұл – уақыт талабы». Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент үш АЭС салудың маңызына тоқталды.

Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін, - деді ол.

Сонымен қатар Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құрылатын болды.

Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға