Қазақстанда ұшақтардың жиі зақымдануының себептері аталды
Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
21.08.2024 15:11
427
Көлік министрлігінің өкілі Қазақстанда ұшақтардың әуежайларда жиі зақымдалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың сөзінше, елімізде әуе рейстері жиілеген. Ал тамыз айында жолаушылар тасымалының ең жоғары көрсеткіші тіркелген. Тиісінше бес әуе кемесіне зақым келген: бірнешеуін техника зақымдаса, бір борт дауыл кезінде зақымданған.
Оның айтуынша, әр жайтқа байланысты тергеу жүріп жатыр және мұны әуе компаниялары мен әуежайлар арасындағы текетірес деп қарастырудың қажеті жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға