Жаңалықтар

Қазақстанда ұлттық көміртекті сертификаттау жүйесін қалыптастыру мәселесі талқыланды

Қазақстанда ұлттық көміртекті сертификаттау жүйесін қалыптастыру мәселесі талқыланды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі 27.02.2025 14:45 197

Қазақстанда ұлттық көміртекті сертификаттау жүйесін қалыптастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласында «6-бап шеңберінде ұлттық көміртекті сертификаттау жүйесін қалыптастыру» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Іс-шараны «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. 

Семинарға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдері қатысты. Қатысушылар көміртекті сертификаттаудың негізгі аспектілерін, оның ішінде шығарындыларды есепке алу әдістемесін, халықаралық стандарттар мен ұлттық талаптарды интеграциялау мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанда көміртекті нарықты дамыту перспективаларын талқылады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға