Жаңалықтар

Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді? Шавкат Рахмонов жауап берді

Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді? Шавкат Рахмонов жауап берді
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94 15.10.2024 15:32 567

Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC турнирін өткізу туралы сұраққа жауап берді. Аралас жекпе-жек шеберінің сөзінше, трансляцияның өзін көрсете алмай жүргенде, жекпе-жектер өткізу тіпті қиын. Бұл туралы «Вестник ММА-ге» берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бізде ММА, UFC-ді жақсы көретіндер көп. Қазақстанда жекпе-жек өткізгенін бәрі қалайды. Меніңше, Қазақстанда мұндай турнир өткізуге әлі ерте. Олар тым құрыса трансляцияны сатып алсыншы. Менің жекпе-жектерімді көрсеткені есімде жоқ. Трансляцияны сатып ала алмай жатқанда, турнир өткізу туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ.

UFC турнирі өте қомақты қаражатты талап етеді. Бұл қаражатты шын мұқтаждарға жаратқан дұрыс деп ойлаймын. Бұл менің пікірім. Спорт деген жақсы ғой, бірақ тым көп ақша кетеді. Трансляцияны алса да, біздің жанкүйерлер қуанып қалушы еді», - деді Шавкат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға