Жаңалықтар

Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді? - менеджер жауап берді

Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді? - менеджер жауап берді
Фото: fightersonlymag.com 18.01.2024 13:17 959

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов UFC турнирінің Орталық Азия аумағында қашан өткізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың желтоқсан айында 29 жастағы файтер Шавкат UFC промоушеніндегі алтыншы ресми жекпе-жегін өткізіп, американдық Стивен Томпсонды (17-7-1) мерзімінен бұрын жеңді. Оның менеджері ең танымал аралас жекпе-жек лигасының жақын болашақтағы жоспарлары туралы айтты.

Мен UFC лигасының Қазақстанда турнир өткізетініне толық сенімді емеспін. Бірақ бұл промоушеннің жоспарында бар деп ойлаймын. Менің болжамым бойынша, биыл немесе келесі жылы біздің өлкеде үлкен турнир ұйымдастырылуы мүмкін.

UFC үшін Орта Азия таптырмас нарық болып есептеледі. Өйткені, бұл аймақта көрермен көп және жарысқа қатыстатын талантты жекпе-жек өнерін меңгерген жігіттер жетерлік.

Орталық Азия - ол, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ Грузия, Әзірбайжан. Бұл мемлекеттердің барлығында UFC-дің тұрақты көрермендері бар екені анық, -деді менеджер Саят Абдрахманов All Star YouTube арнасына берген сұхбатында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға