Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан бір жылда 69 әйел көз жұмған

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
22.01.2024 10:35
1115
Қазақстанда былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел және 7 бала көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенатор Жанна Асанованың айтуынша, Қазақстанда 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен жеті бала қайтыс болған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 99 мың хабарлама келіп түскен, балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған.
Сонымен қатар Сенат депутаты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы жақында Мәжіліске жіберілетінін айтты.
Бөлісу:
