Жаңалықтар

Қазақстанда туризм саласына салынған инвестиция көлемі 33,6%-ға артты

Қазақстанда туризм саласына салынған инвестиция көлемі 33,6%-ға артты
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 03.12.2024 17:41 247

2024 жылдың алғашқы 10 айында туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 668,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,6%-ға көп, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы бұл көрсеткіш 787 млрд теңге болса, 2022 жылы 513 млрд теңгеге жеткен еді. Бұл деректер инвесторлардың еліміздің туристік әлеуетіне қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Туризм саласына салынған инвестицияның артуы бизнестің бұл бағытты дамытуға деген тұрақты қызығушылығын байқатады. Негізгі туристік өңірлерде заманауи инфрақұрылым құру арқылы Қазақстанның халықаралық туристік картадағы орнын нығайта аламыз, – деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға