Жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай ма?

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай ма?
Фото: © El.kz/Арман Мухатов 26.09.2023 16:53 2121

Мәжіліс аясында Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова журналистердің тұрғын үй бағасына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы ретінде айтарым, инфляция азық-түлікке ғана емес, азық-түлікке жатпайтын тауарларға өз әсерін тигізеді. Сондықтан тұрғын үй бағасының төмендеуін күтпейміз, - деді ол.

Сондай-ақ одан «бағаның өсуі күтіле ме?» деп сұрады.

Мұның бәрі ипотекалық бағдарламалардың қолжетімділігіне байланысты болады. Базалық мөлшерлеме қазір 16-17 пайыз деңгейінде. Мұндай пайыздық мөлшерлемемен тек Отбасы банкінен алуға болады. Біз базалық мөлшерлеме деңгейіне қарамастан, 20 жыл ішінде несиелеу бойынша мөлшерлемелерді өзгертпедік. Тиісінше біздің несиелеу нарығындағы ұсынысымыз қарыз алушы үшін ең тиімді. Сәйкесінше сұраныс өте жоғары. Сұраныс жоғары болғаннан кейін тағы шарт қостық. Мәселен, маусым айынан бастап 2,5 балдық көрсеткішті енгіздік, яғни қазір пәтер сатып алу үшін 50 пайыз салып, ертеңіне несие рәсімдей алмайды. Үш ай күтуі қажет, - деп жалғастырды банк басшысы.

«Келесі жылы бағалау көрсеткіші артуы мүмкін», деп қосты ол.

Енді біз ай сайын салым салып, жинақтайтын клиентімізді жоғарырақ бағалаймыз, оған басымдық беріледі. Біз төлем қабілеттілігін бағалауды өзгертеміз. Егер бізде 36 ай бойы бірдей соманы жинаған клиент болса, онда мұндай клиент төлем қабілеттілігін бағалау кезінде көптеген түрлі коэффициенттерді жасай алады, бұл оларға тезірек қарыз алуға көмектеседі. Яғни, стратегия, идеология келесідей болады: біздің қарыз алушы неғұрлым көп және тәртіпті жинақтаса, банк оған соғұрлым жақсы қарайды, – деп түйіндеді Ибрагимова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға