Жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандады

Астанада тұрғын үй бағасы 5,1%-ға, Шымкентте 2,7%-ға және Ақтауда 1,6%-ға төмендеді
Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандады
Фото: egemen.kz 09.01.2023 15:08 1915

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2018 жылдың наурыз айынан бастап қайталама тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі байқалды. 2022 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін пәтерлерді қайта сату 1,5%-ға төмендеген деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, Астанада тұрғын үй бағасы 5,1%-ға, Шымкентте 2,7%-ға және Ақтауда 1,6%-ға төмендеді.

Желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады.

Алайда жаңа тұрғын үйді сату бағасы керісінше 0,4%-ға өсті.

Жалпы алғанда, бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 15,6%-ға өсті.

2022 жылғы желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ға өскен.

Өңірлерде бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар бір жылда Ақтөбеде 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға