Қазақстанда төртінші мобильді оператор пайда болуы мүмкін бе? Вице-министр жауап берді

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
30.01.2025 12:09
457
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Сенат брифингінде елде төртінші мобильді оператордың пайда болу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің сөзінше, қазіргі уақытта аталған мәселеге қатысты нақты жоспар жоқ.
Мен тек осындай мүмкіндік бар екенін айттым. Бірақ бүгінде нарыққа төртінші мобильді операторды шығару бойынша ешқандай жоспар жоқ, – деді ол.
Осы орайда вице-министр неліктен басқа оператордың шықпайтынын да атап өтті.
Егер қазіргі үш оператор – Kcell, Beeline және Tele2/Altel нарықта тиімді бәсекелестік орната алса, қосымша оператор енгізудің қажеттілігі болмайды, – деп пікірін білдірді Асхат Оразбек.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ресей Қазақстан үшін сенімді дос - Үкімет басшысы
Келесі жаңалық
Шымбұлақтағы қар көшкініне кімдер себепші болғаны анықталды