Жаңалықтар

Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылады

Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылады
Фото: t.me/durov/326 14.10.2024 13:43 117

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев АҚШ Сауда палатасымен және Meta мен Apple сияқты ірі американдық компаниялардың өкілдерімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында мәліметтер қауіпсіздігі, жалған аккаунттармен күрес және пайдаланушыларды қорғауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Министр жиын елімізде Telegram-ның кеңсесі ашылатынын мәлімдеді. Ведомство басшысының сөзінше, бұл контентті бақылауды арттыруға мүмкіндік береді.

Біз Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам, — деп атап өтті Жаслан Мадиев.

Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың цифрлық платформаларда қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді инфрақұрылымды құру үшін халықаралық серіктестермен жұмысын жалғастырады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға