Қазақстанда тағы бір экс-шенеунікке іздеу жарияланды
Фото: Бақберген Мәуленов / Рахат Бүлдеш
Фото: Бақберген Мәуленов / Рахат Бүлдеш
04.04.2023 13:01
1101
Таразды ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етіп отырған "Таразэнергоцентр" АҚ-ның экс-төрағасына іздеу жарияланды. Ақпаратты Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Таразэнергоцентр" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Бақберген Мәуленов пен оның ұлына бақылаудағы ұйымның директоры Рахат Бөлдешке заңсыз монополиялық жолмен жоғары кіріс алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мемлекетке тиесілі 4,3 миллиард теңгені жымқырды және жалған кәсіпорындар құрған желі арқылы ақшаны жылыстатты деген айып тағылған болатын.
Өткен жылдың соңында Мәуленов кепілдікпен босатылған. Соттың баспасөз қызметі оның жақында сотқа келуі тиіс болғанын, бірақ келмегенін растады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға