Жаңалықтар

Қазақстанда сусын өндірісі 8,9%-ға өсті

Бұл туралы Ұлттық статисика бюросы мәлім етті
Қазақстанда сусын өндірісі 8,9%-ға өсті
Фото: kt.kz 30.11.2022 12:41 2064

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығында сусын өндірісінің көлемі ақшалай көлемде 623 661,5 млн теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 8,9% өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 10 айдың ішінде алкогольсіз 2 019 743,7 мың литр сусын өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға артқан. Минералды және газдалған (қантсыз, хош иістендірілмеген) 555 096,3 мың литр су өндірілді, бұл өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 2 пайызға аз.

Алкоголь зауыттары 10 айда 49 513,1 мың литр арақ өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,5 пайызға артық. Табиғи жүзім шарабының өндірісі де 38,3% өсті – 24 340,4 мың литр.

Бұл ретте сыра өндірісі төмендеді – 10 айда 604 127,9 мың литр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға аз.
  
Қазақстанда сусын өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға