Қазақстанда судьяларды тағайындауда көпшіліктің пікірі ескеріледі
Фото: El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
18.09.2023 18:40
663
Судья лауазымына үміткерлерді іріктеу кезінде халықтың пікірі ескеріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары Сот Кеңесінің сайтында азаматтар конкурсқа қатысушылар туралы өз пікірлерін жаза алады.
Іріктеу барысында үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді. Сонымен қатар кандидаттар конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат жүргізеді, оған адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар кіреді, – деп атап өтілді Кеңес аппаратында.
Конкурсқа қатысушылар 335 судьялық бос орынға үміткер. Тұрғындар 1 қазанға дейін пікір қалдыра алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Рамзан Кадыров комада жатқаны рас па? Песков жауап берді
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты