Жаңалықтар

Қазақстанда шұғыл түрде жоғары деңгейде өңделген өнім шығару керек - депутат

Қазақстанда шұғыл түрде жоғары деңгейде өңделген өнім шығару керек - депутат
Фото: parlam.kz 03.04.2024 15:51 581

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанда шұғыл түрде жоғары деңгейде өңделген өнім шығару керек екенін айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында өнеркәсіп саласында «жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек» деп айтқанын атап өтті.

Біз минералдық ресурстар қоры бойынша ондықтың қатарында (ТОП-10) болсақ да, осы күнге дейін шикізатты экспорттаймыз. Бұған екі минерал алюминий мен мыс мысал болады. Боксит – глинозем – алюминий тізбегінде: глиноземнің үштен екісі экспортталады, үштен бірінен 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіріледі және тек 20 % дайын өнімге өңделеді, яғни сымдар, кабельдер, жылыту радиаторлары шығарыладыі. Он жылдан астам уақыт бойы ERG барлық глиноземді алюминийге айналдыруға уәде берді, бірақ ештеңе өзгермейді, - дейді депутат.

Депутаттың дерегінше, мыс бойынша жағдай одан да күрделі. 2023 жылы Қазақстанда 720 мың тонна мыс өндірілгенін айтып, экспортталатынына тоқтатылды.

Біздің еліміз катодты мыс пен жартылай фабрикаттарды Қытай Халық Республикасына, Түркияға экспорттайды, олар катодты мыстан жасалған дайын өнімдерді кабельдер, мыс сымдар, электротехникалық өнімдер түрінде Қазақстанға сатады. Нәтижесінде, дайын өнімнің миллиардтаған долларымен есептелетін үлкен қосымша құн осы елдерде орналасады. Көршілес Өзбекстан жылына 290 мың тонна катодты мыс өндіреді. Өзбекстанда мыс экспортына тек d-8мм кабель немесе созбасым сияқты дайын өнім түрінде рұқсат етіледі, біздің көршілеріміз 3000-нан астам кабельдік және басқа да дайын өнімдерді шығарады, - дейді депутат.

Түркия Қазақстанда катодты мыс сатып алып, басқа елдерге миллиардтаған долларлық сымдарды, профильдерді және мыс фольганы экспорттайды. Сонымен қатар, әлемдік экономика құрылымындағы өзгерістерге байланысты әлемдік нарықтарда мыс сым, кабель және тағы басқа сияқты дайын мыс өнімдеріне қажеттілік артып келеді.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңға сәйкес дайын өнімді өндіретін зауыттарды бастапқы металдармен қамтамасыз ету кепілдігі көзделген.

«AMANAT» фракциясы Президент Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес Қазақстанда шұғыл түрде жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруға көшу қажет деп санайды. Сонымен бірге Үкімет жанындағы инвестициялық штабта: өндірілген барлық алюминий тотығын алюминийге қайта өңдеу; терең өңдеу технологиялары бар кәсіпорындарды тарту. халықаралық сапа стандарттарына сай келетін кабельдік және электротехникалық өнімдер өндіретін зауыттардың құрылысы кіретін мыс пен алюминийді терең өңдеу кешендерін құру бойынша шаралар кешенін қарау; Өнім өндіруші зауыттардан мамандарды шақыру арқылы Қазақстанда білікті кадрларды даярлауды бастау. Қазақстандық қамту үлесіне 70-тен 90 %-ға дейін жеткізу қажет деп санаймыз, - дейді Ерлан Саиров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға