Қазақстанда шетелдік туристерді есепке алу тәртібі өзгереді

Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment
08.04.2025 10:54
385
Үкімет шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіру үшін Туризм және спорт министрлігі Ұлттық статистика бюросына ұялы байланыс операторларының деректеріне қол жеткізуді ұсынады. Сонымен қатар экономикалық салымды талдау үшін банктік карта операциялары негізінде туристердің шығындары туралы ақпарат қажет.
Қазіргі уақытта шетелдік келушілерді есепке алу ҚР ҰҚК Шекара қызметінің статистикасы бойынша, ал ішкі туризм туралы деректер – орналастыру объектілерінің есебі негізінде қалыптастырылады.
Бөлісу:
