Қазақстанда семіздік дертіне шалдыққан балалар күрт артқан
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
13.12.2024 15:30
354
Қазақстанда семіздік дертіне шалдыққан балалар күрт артқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2018 және 2022 жылдар аралығында артық салмақ жинаған оқушылардың саны 1,6 есеге көбейген.
Ұл-қыздардың 70 пайызы гиподинамия, яғни қимыл-қозғалыстың төмендеуінен туындайтын ауруға шалдыққан. Мұндай балалар жарақат көп алады екен. Ал бастауыш сынып оқушыларының арасында ұмытшақтық, көз және жүйке жүйесінің аурулары жиі тіркеледі.
Сонымен қатар қан қысымы көтерілетін балалар да көбейген. Бұл аурулар дұрыс тамақтанбау және спортпен шұғылданбаудың кесірінен туындайды дейді мамандар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев энергетиктерді марапаттады
Келесі жаңалық
Алматыда мопед ұрлаған үш күдікті ұсталды