Жаңалықтар

Қазақстанда рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынады

Қазақстанда рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынады
Фото: Әлеуметтік желіден 29.08.2023 14:34 1199

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жобасында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұйрық жобасында Қазақстанға 6 ай мерзімге оң рульдік автомобильдерді әкелуге тыйым салу көздейтіні айтылған.

Тыйымның іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ҰҚК Шекара қызметі мен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген.

Жоба 13 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Айта кетейік, 2007 жылдан бастап Қазақстанда рулі оң жақтағы автокөліктерді тіркеуге тыйым салынған, бірақ оларды пайдалануға тыйым салынбаған.

2022 жылғы желтоқсанда 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін шекарадан өткен шетелдік оң рульдік автомобильдерді қазақстандық есепке қоюға болатыны белгілі болды. Шетелдік автокөліктерді есепке қою рәсімі осы жылдың 1 шілдесіне дейін созылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға