Жаңалықтар

Қазақстанда Қырғыз Республикасының мәдениет күндері басталды

Мәдениет күндері 29 қазанға дейін жалғасады
Қазақстанда Қырғыз Республикасының мәдениет күндері басталды
Фото: gov.kz 26.10.2022 20:59 1786

Астанада Қырғыз Республикасының мәдениет күндері басталды, деп хабарлайды El.kz МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін елордадағы «Керуен» СОО-да қырғыз киносы күндерінің ашылуы болды. Кинокөрсетілімнің алғашқы күнінде «Акыркы көч» (режиссер Мұқұл Б.), «Дарак ыры» (режиссер Дайырбеков А.), «Шамбала» (режиссер А. Суйундуков), «Көл» (режиссер А. Суйундуков) кинокартиналары ұсынылады. Айта кету керек, кино күндерінің ашылуына Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов қатысты.

Бүгін сондай-ақ Ұлттық академиялық кітапханада екі елдің зиялы қауым өкілдерінің «Түркі әлемінің қос алыбы: Әуезов және Айтматов» форумы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты-екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайту. Атап айтқанда, тараптар екі ұлы жазушы Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматов шығармашылығының мәдениетаралық ынтымақтастықтағы рөлін талқылады. Форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, Қазақстан мен Қырғыз Республикасының шығармашылық және ғылыми зиялы қауымы өкілдері қатысты.

27 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Бастау» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрменің мақсаты-келушілерді қырғыз өнерінің ірі шеберлерінің шығармаларымен таныстыру.

Сондай-ақ, бұл күні қырғыз өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры театрының фойесінде Қырғызстанның тарихи-мәдени мұрасы мен қолөнерінің көрмесі өтеді.

Сонымен қатар, 28 қазанда «Манас» эпосына арналған іс-шара және Нұрдин Түгелов атындағы «Ақ Марал» мемлекеттік би ансамблі мен Чалагыз Исабаев атындағы «Камбаркан» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті жоспарланған.

29 қазанда мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы өтеді, онда Токтоболот Әбдімомынов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық драма театрының «Саманшын жолу» спектаклі көрсетіледі.

Бүгін сондай-ақ көрші елдің Мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтовпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда Астанада Манас ескерткішін орнату, «Еуразия» кинофестивалін және көшпенділердің дүниежүзілік ойындарын өткізу мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға