Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға өсті

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға өсіп, 295,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Көлемнің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (35,4% - ға) мен құрылыстарды (5,3% - ға) салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (24,7%) және тұрғын үйлер (12,5%) алады.
Өңірлік тұрғыда республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалды.
Ең үлкен өсім:
Жамбыл обл. – 75,2%
Маңғыстау обл. – 55,6%
Ақтөбе обл. – 27,8%
Абай обл. – 25,3%-ға
Қызылорда обл. – 21,3%
Атырау обл. – 18,9%
Павлодар обл. – 17,0%
Айта кетейік, республикадағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің жеке құрылыс ұйымдары – 73,4%, шетелдік – 26,3% және мемлекеттік – 0,3% орындаған.
