Қазақстанда қайырымдылық қорының тағы бір басшысы ұсталды

Фото: Instagram/ qazaq_robin_hood
Фото: Instagram/ qazaq_robin_hood
11.04.2025 13:39
518
Алматыда "Елге Көмек" қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді. Алматы полициясы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Алмалы аудандық полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді департамент баспасөз қызметі.
Ал, жақын арада қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты сот процесі басталады. Тергеу аяқталып, іске қатысушылар материалдармен танысып жатыр. Келтірілген шығын көлемі 3,5 млрд теңгені құрады.
Бастапқыда ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. 2025 жылдың 21 ақпанында ҚMА Перизат Қайратқа қатысты жаңа істің жай-жапсарын ашты.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Тері мен жүн экспорттайтын шаруалар баж салығынан босатылады