Жаңалықтар

Қазақстанда қанша студент бар?

Қазақстанда қанша студент бар?
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 05.02.2024 11:44 879

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023-2024 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарының саны 112 ұйымды құрады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Оның ішінде 77 университет, 14 академия, 10 институт және оларға теңестірілген консерваториялар, жоғары мектептер мен жоғары училищелер, 8 ұлттық жоғары оқу орны, 3 ұлттық зерттеу университеті бар.

Ал 2023-2024 оқу жылында жоғары оқу орындарындағы студенттердің жалпы саны 592,7 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 53%. Аталған оқу жылында 171,7 мың адам қабылданды, оның 52,8% – әйелдер.

Қазақстанда қанша студент бар?

Жоғары білім алып жатқан студенттердің ең көп саны республикалық маңызы бар қалаларда. Мәселен, Алматыда – 186,6 мың, Шымкентте – 83,4 мың және Астанада – 75 мың студент бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға