Жаңалықтар

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 22.04.2025 09:52 256

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 891 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 439 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 541 және 1 023 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 709 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 609 адам тартылды.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 131 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 695 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 351 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 232 адам, - делінген мәліметте.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 885 адам, Өзбекстан – 1 614 адам, Үндістан – 1 150 адам, Түркия – 1 124 адам.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға