Қазақстанда қанша мектеп бар?

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
06.06.2023 17:10
6983
Қазақстанда 7724 мектеп бар. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 5279 мектеп, қалалық жерлерде – 2445 мектеп бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бір ауысымды – 2740 мектеп, екі ауысымды – 4847 мектеп және үш ауысымды – 137 мектеп бар. Аралас (екі тілді) мектептер саны – 2294. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 3315 мектеп қолданысқа берілген.
Биыл 179 032 оқушыға арналған 256 мектептің құрылысын аяқтап, қолданысқа беру жоспарланған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елдегі әкімшілік реформалаудың нәтижелері қалай болып жатыр?
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды