Жаңалықтар

Қазақстанда қанша көлік бар – статистика

Қазақстанда қанша көлік бар – статистика
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 18.07.2023 10:41 818

2023 жылғы мамырда есепке 161,1 мың бірлік автокөлік құралы қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,5 есе, оның ішінде жүк автомобильдерінің саны 1,8 есе, автобустар – 1,7 есе және жеңіл автомобильдер – 1,5 есе артты.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 872,8 мың бірлікті құрады, оның 87,8% – жеңіл автомобильдер, 10,1% – жүк және 2,1% – автобустар.

Оқи отырыңыз:


Автобустар бойынша, жалпы елімізде жолаушыларды 100 701 автобус тасымалдайды, бұл өткен жылғы сәйкес уақытпен салыстырғанда 25,9% артық. Шыққан жылы 10-нан 20 жылға дейінгі автобустардың жалпы тіркелген санынан үлесі 38,4%, 20 жылдан асқандардікі – 36,6%.

Өңірлік бөліністе автобустардың ең көп саны Алматыда – 12 654 бірлік, Астанада – 7398 бірлік және Алматы облысында – 7644 бірлік. Автобустардың ең аз саны Ұлытау (114) және Абай (241ед.) облыстарында тіркелді. Автобустардың 47,1% жеке тұлғаларға тиесілі, қалған 52,9% заңды тұлғалардың иелігінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға