Жаңалықтар

Қазақстанда қанша босқын бар? Министр жауап берді

Қазақстанда қанша босқын бар? Министр жауап берді
Фото: ҚР ЕХӘҚМ 08.08.2023 11:05 926

Премьер-министр орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында елімізге қанша босқын келгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЕХӘҚМ басшысының сөзіне қарағанда, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 628 пана іздеуші мен 333 босқын бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азиядағы аймақтық басқармасымен бірлесіп, жоғары айтылған азаматтардың әлеуметтік құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шаралары әзірленді.

Оқи отырыңыз:

Геосаяси тәуекелдерді, оның ішінде пана іздеп жүрген адамдардың жаппай ағынын ескере отырып, Үкімет оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастырудың тиісті қағидаларын бекітті, – деді Тамара Дүйсенова.

Ол сондай-ақ көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Бүгінде біз мигранттарды тіркейтін бірыңғай жүйе құру үшін қолда бар ақпараттық жүйелердің бәрін өзара интеграциялауға кірістік. Шетелдегі мекемелеріміз үшін «Қандас» атты жаңа функционалды автоматтандырылған ақпараттық жүйені іске қосу басталды.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясындағы, Моңғолиядағы және Түркіменстандағы өкілдіктер жаңа функционалға қосылды. Жақын арада тағы 26 ел үшін қолжетімділік ашылады, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға