Қазақстанда қанша әйел жұмыс істейтіні белгілі болды
Қазақстанда түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының - 48,3%. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық әйелдердің 3,4 млн-ы жалданып жұмыс істесе, 940 мың нәзік жанды – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді. Бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%. Ал көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8% еңбектенеді.
Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан әскерінде 12 мыңнан астам әйел қызмет етеді
- Алғаш рет Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған марапат тағайындалды