Жаңалықтар

Қазақстанда қанша аурухана бар?

Қазақстанда қанша аурухана бар?
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.06.2023 17:00 2213

Өткен жылғы статистикалық мәлімет бойынша елімізде 838 аурухана бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қаласы  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің мәліметінше, ең көп аурухана Шымкент және Алматы қаласында болса, ең аз аурухана Ұлытау облысы мен Солтүстік Қазақстанда орналасқан.

Қазақстанда қанша аурухана бар?

Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары негізінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан бойынша бірқатар ауруханалар салынып жатыр. Мәселен, Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығы құрылады. Оның құрылысы 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар елордада 200 адамға арналған Шұғыл медицинаны үйлестіру Ұлттық орталығының да құрылысы жүріп жатыр.

Ал Алматы қаласында 350 адамға арналған төсек орыны бар Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы салынады. Жоспарға сәйкес оның құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға