Жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар жауады

Қазақстанда қалың қар жауады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.02.2024 10:40 447

6 ақпанында Қазақстанның басым бөлігіне тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, көктайғақ, бұрқасын болады. Астанада қар жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің күші 9-14м/с, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы күндіз 3-5°C аяз болады.

Ал Алматыда бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел екпіні 0-5 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7°C аяз, күндіз 2-4°C жылы болады.

Шымкентте бұлт көшіп, күндіз аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 1°C аяз, -1°C жылы, күндіз 11-13°C жылы болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға