Жаңалықтар

Қазақстанда пәтер алатын кезде қандай қателік жібермеу керек

Қазақстанда пәтер алатын кезде қандай қателік жібермеу керек
Фото: Korter.kz 14.12.2023 18:15 962

Тұрғын үй іздеу кезінде сатып алушылар өзінің нақты қажеттіліктері мен болашақта не күтетіні жайлы жиі ұмытады. Иә, жөндеу мен терезедегі көрініс маңызды, бірақ одан маңыздырақ аспектілер туралы ұмытпау қажет.

Бұл қателікті жібермеуге көмектесетін кеңестерді ұсынамыз:

  • Таяудағы 5 жылғы болашаққа қойған жоспарлармен анықталыңыз.
  • Жаңа жерде қалай тұратыңызды елестетіңіз, күнделікті шаруалармен айналысатыныңыз жайлы ойланыңыз. Мектеп, дүкен, дәріхана, басқа объектілер қаншалықты алыс екенін қараңыз.
  • Жайғасымға көңіл аударыңыз. Бөлмелер 2 түрлі болады: өтетін және жеке. Екіншісі жақсырақ.
  • Инженерлік коммуникациялар, жалпы қолдану жерлері, лифттер, баспалдақ алаңдары, шатырлар және төлелердің күйін тексеріңіз.

Жылжымайтын мүлік іздеу мен сатып алу кезінде Korter.kz таптырмайтын көмекші болады. Сайтта Қазақстанның барлық жаңа салынған үйлердің толық каталогы, соның ішінде толық сипаттамалары, фотосуреттері, бағалары мен пәтерлердің жайғасымдары бар. Сондай-ақ, сайтта қайталама жылжымайтын мүлік бар, бұл түрлі объектілерді салыстыруда ыңғайлы. Оған қоса, Korter.kz салушылар туралы ақпарат ұсынады, бұл мүлік сатып алуда негізделген шешім қабылдауда аса маңызды.

Мәміле жасасу алдын бұл жайлы ойланыңыз:

  • Әр отбасы мүшесінің қажеттіліктері мен олардың күн тәртібі (жұмыс орыны, демалыс бөлмесінің саны нешеу болуы тиіс, т.б.);
  • Инфрақұрылымның қай объектілері жаяу қолжетімділікте болуы;
  • Балаларға арналған оқу орынының жақын жерде орналасқаны;
  • Өзіңіздің жұмысқа жету жолы;
  • Қонақты қаншалықты жиі қарсы алуды қалайсыз, сондай-ақ, олардың саны;
  • Балкон, зат қоятын бөлме қажет пе;
  • Жаңа пәтерде қаншалықты ұзақ тұруды жоспарлайсыз, және одан да кең тұрғын үй қашан қажет болатыны.

Құжат тексеру

Мүлік ауыртпалығының бар-жоқтығын тексеріңіз: пәтерге тыйым салынғаны, немесе ол кепілге салынған болуы мүмкін. Сондай-ақ, сатушы меншік иесі болмау қаупі бар, ал тек оның мүдделеріне өкілдік етуі, немесе тіпті алаяқ болуы мүмкін.

Тексерісті қажет ететін құжаттар:

  • Құқық белгілеуші құжат, оның ретінде сатып алу-сату келісім-шарты, сыйға тарту келісім-шарты, т.б.;
  • Жылжымайтын мүлік иесінің жеке куәлігі;
  • Мемлекеттік тіркелу фактісін растау құжаты;
  • Техникалық төлқұжат;
  • Мүлік ауыртпалығы туралы анықтама.

Сатушыны тексеру

  1. Егер сатушы әрекет етуге қабілетсіз деп саналса, онда пәтердің сатып алуына кейін келіспеуге болады. Сатушы туралы көбірек ақпарат білу үшін, одан үйді қалай сатып алғаны туралы, сату себептері, сондай-ақ, көршілері жайлы пікірін біліп алыңыз.
  2. Келешекте мүлікті иеліктен айыруда мәселелер туындамас үшін, жылжымайтын мүлік қазіргі иесіне кәмелетке толмағаннан сыйға тарту келісім-шарты бойынша берілгенін тексеріңіз. Мұндай құқықтарды табыстау заңсыз екенін есте сақтау маңызды. Сондай-ақ, пәтер мұра ретінде табысталғаны және мұрагерлердің біреуі алаланмағаны жайлы біліп алыңыз.
  3. Кейбір иеленушілер өз мүлігін сатумен айналыса алмайды және сенімхат негізінде әрекет ететін үшінші тұлға көмегіне жүгінеді. Мұндай жағдайда оны жете тексеру қажет. Құжатта ол жылжымайтын мүлік құқығын табыстайтыны жайлы жазылуы тиіс. Сенімхатта көрсетілген әрекет ету мерзімін, өкілеттігін, пәтердің деректемесін және сенім білдіруші қолының болуын тексеріп алыңыз.

Қысымға берілмеңіз

Кейбір сатушылар сатып алушыларға қысым көрсетеді және шешім қабылдауда асықтырады.

Салқынқандылық сақтау қажеттігі туралы ұмытпаңыз. Сізге ойлануға қажет болатын мерзімді бірден ескертуге кеңес беріледі. Мысалы, бір - екі күн.

Сондай-ақ, сатушы салық төлеуін болдырмау үшін,  сатып алушыны келісім-шартта нақты бағасынан аз соманы көрсетуді көндіруге тырысуы мүмкін. Көнбеңіз — мұндай сатып алудан бас тарту дұрысырақ.

Мүмкін болатын шығындарды есептеңіз

Болашақта қандай шығындардың күтетінін түсіну үшін:

  • Түбіртектерді қарап шығыңыз;
  • Құрылыс материалының өзекті бағасын есепке алумен болжалды жөндеу шығындарын есептеңіз;
  • Меншік иесі коммуналдық төлем бойынша қарызын төлегеніне көз жеткізіңіз.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға