Қазақстанда парфюмерия мен косметика өндірісі өсті
Фото: farmerschool.kz
Фото: farmerschool.kz
27.12.2022 13:33
1614
Парфюмерия мен косметика – сыйлық ретінде берілетін ең танымал өнімдер. Бүгін біз Қазақстанның сұлулық өнім өндірісінің көрсеткіштерін біліп көрдік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл Қазақстанда парфюмерия мен косметика өндірісі өсті. Мәселен, 2022 жылдың 10 айында осы өнімдердің 5 679,4 тоннасы өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға көп. Ал импорт өз кезегінде 0,5%-ға азайды, қаңтар-қазан аралығында сырттан 57 395,2 тонна парфюмерия мен косметика әкелінді. Импорт үлесі – 91%.
10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 60 829,2 тонна парфюмерия мен косметика сатылды. Бұл ретте экспортқа 2 245,4 тонна сұлулық құралы жөнелтілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тараздағы өрт кезінде 32 адам эвакуацияланды
Келесі жаңалық
Астана мешіттерінде сурдоаударма қызметі іске қосылды