Қазақстанда өткен жылы 518 мың тоннадан астам нан өндірілді
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
25.01.2023 17:27
2129
2022 жылғы желтоқсанда жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының орташа бағасы килограммына 351 теңгені құрады. Бірінші сұрыпты ұннан - 198 тг/кг, ал қара бидай наны орта есеппен 424 тг/кг сатып алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, 2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар орташа есеппен (жан басына) бірінші сұрыпты ұннан пісірілген 7,5 кг бидай нанын (қалалық жерде — 7 кг, ауылдық жерде — 8,2 кг) және қара бидай нанының 780 гр (қалалық жерде — 979 гр., ауылдық жерлерде — 475 гр.) тұтынған.
Бөлісу:
