Жаңалықтар

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қандай

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қандай
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 09.08.2024 22:09 548

2024 жылдың II тоқсанында бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 278 296 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ал атаулы жалақының орташа мәні 403 251 теңгені құрады. 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағандағы өсім 10,3%, нақты мәндегі (инфляцияны ескергендегі) өсім – 1,7%.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең көп өсуі қаржы және сақтандыру қызметі салаларында – 23,3%, Өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында – 21,5%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 21,1% байқалды. Бұл ретте әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (8,7%-ға), мемлекеттік басқару мен қорғаныс саласында (3%-ға), денсаулық сақтау саласындағы (2,7%-ға) нақты мәндегі жалақы мөлшері өткен жылдың тиісті тоқсанынан төмен болып шықты, - делінген мәліметте.

Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың II тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы қаласында – 14,3%-ға, Ақтөбе облысында – 14%-ға, Павлодар облысында – 12,9%-ға байқалды. Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы II тоқсанда 2 есе болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға