Жаңалықтар

Қазақстанда онлайн сауда дамып келеді

Қазақстанда онлайн сауда дамып келеді
Фото: kasharynews.ru 01.03.2023 13:43 1776

Болжам бойынша, екі жылдан кейін онлайн сату нарығы Қазақстан бөлшек саудасының 15% алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  finprom сайтына сілтеме жасап. 

Euromonitor International нарықтарды зерттеу жөніндегі халықаралық компанияның алдын ала деректері бойынша Қазақстандағы электронды сауда көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 20,2% - ға, 1,3 трлн теңгеге дейін (интернет арқылы көрсетілетін қызметтер саудасын есепке алмағанда) өсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 220,1 млрд теңгеге артық.

Ірі тауар топтарын қарастырған кезде санаттардың ешқайсысы минус динамикасын көрсетпегені байқалады. Елімізде онлайн сауда жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Өткен жылы онлайн сатылымдардың жалпы сомасындағы (32,4%) елеулі үлесті сән сегменті иеленді. 2022 жылы қазақстандықтар киім, аяқ киім және түрлі аксессуарларды онлайн сатып алуға 423,9 млрд теңге жұмсаған (плюс 17%). Сатып алу көлемі бойынша екінші орында — тұрмыстық техника және электроника, осы санаттың үлес салмағы 27,1% құрады. Жоғары технологиялық тауарлар 11,6% өсіммен 355 млрд теңгеге сатылды.

Азық-түлік сегменті де онлайн сатылымның жақсы динамикасын көрсетті. Электронды азық-түлік нарығының көлемі де біршама өсті: 35,4 млрд теңгеден 45,5 млрд теңгеге дейін. Сондай-ақ биыл сусындар мен темекілерді интернет арқылы едәуір үлкен көлемде сатып ала бастады: 69,9 млрд теңге, 23,3% артқан.

Болжам бойынша, екі жыл ішінде онлайн сауда нарығы Қазақстан бөлшек саудасының 15% алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға