Жаңалықтар

Қазақстанда онлайн-несие алу ережесі өзгереді

Қазақстанда онлайн-несие алу ережесі өзгереді
Фото: ©El.kz/Мади ИСКАКОВ 26.03.2024 18:25 886

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-кредиттерді беру ережесіне өзгеріс енгізді. Қаулының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаулы жобасына сәйкес, микроқаржы ұйымы мен қарыз алуының арасында келісімшарт жасау және оған өзгеріс енгізу кезінде биометриялық идентификация қолданылатын болады. Яғни, несие алушы бәрін саусық ізімен растайды.

Микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда сатып алынатын тауар немесе орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуді көздейтін шарт жасалған заңды тұлғаның банктік шотына аудару СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін пайдалана отырып, жүзеге асырылады, - делінген құжат жобасында.

Микроқаржы ұйымы биометриялық идентификаттау барысында алынған деректердің тұтастығы мен конфиденциалдылығын сақтай отырып, микрокредит беру туралы шарт бойынша тараптардың міндеттемелері тоқтатылғаннан кейін кемінде бес жыл бойы қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға