Жаңалықтар

Қазақстанда онкологиялық аурулармен әйелдер жиі ауырады

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Қазақстанда онкологиялық аурулармен әйелдер жиі ауырады
Фото: gov.kz 04.02.2023 10:20 2176

Ұлттық статистика бюросы Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне байланысты онкологияға шалдыққандар туралы статистиканы ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы қатерлі ауруы анықталған 35 мың адам есепке алынды. Оның ішінде 13 мыңы өздері барып қаралғандарда, 18 мыңы профилактикалық тексеріс кезінде, 1,8 мыңы скрининг барысында анықталған.

Онкологиялық аурулар әйелдерде жиі кездеседі – 57,4%, науқастардың 42,6%-ы – ер адамдар.

Сонымен қатар, сүт безі қатерлі ісігімен ауырған әйелдердің саны артып келеді. 2021 жылы бұл ауру 5 мың әйелде анықталған. Осылайша, науқастар саны 43,2 мың адамды құрады. 2017 жылы ауруға шалдыққандар саны 34,9 мың адам болған. Сондай-ақ, ауру 60-69 жас аралығындағы әйелдерде көбірек анықталған, 2021 жылы – 1599 жағдай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға