Қазақстанда мопедтерді тіркеу қашан басталады? Вице-министр жауап берді
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
23.10.2024 16:55
413
Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда мопедтерді тіркеудің қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сөзінше, бүгінгі таңда елімізде 70 мыңға жуық мопед бар.
Қазіргі таңда біз тиісті заңның қабылданғанын күтіп отырмыз. Оған қол қойған соң, бұл жұмыс қарашаның соңына дейін аяқталады деп үміттенеміз. Шамамен 1 желтоқсанда тіркеуді бастаймыз. Алдағы уақытта техникалық жағдайға қойылатын талаптар жоқ. Алдымен сәйкестік, нөмірлердің бар-жоғына қараймыз, - деп айтты вице-министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада үш жаңа экспресс-маршрут іске қосылады