Жаңалықтар

Қазақстанда мемлекетке сегіз су қоймасы қайтарылды

Қазақстанда мемлекетке сегіз су қоймасы қайтарылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 03.02.2025 16:32 105

Қазақстанда мемлекетке 8 су қоймасы қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды, олар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемеген, атап айтқанда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеді, - делінген хабарламада.

Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға да қайтымсыз әсер етуі мүмкін. Қабылданған шаралардың арқасында жосықсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды, ал 20 миллиард теңгеден астам сомаға мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар су объектілерін көп факторлы техникалық тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға