Жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт суытады

Қазақстанда күн күрт суытады
Фото: © El.kz 17.11.2023 14:15 1235

Елімізде қашан күн суытатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, алдағы күндері белсенді Солтүстік циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, 18 қарашада Солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада еліміздің шығысында қатты жауын-шашын күтіледі (қарға ауысатын жаңбыр), 19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік - батысында, солтүстігінде көктайғақ құбылыстары, бұрқасын күтіледі. Кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон жотасына байланысты суық ауа массаларының енуі күтіліп отыр, бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.

Мәселен, Солтүстік-батыста түнгі уақытта 3-13 аязға дейін, күндіз 7 аяз-5 жылы дейін, солтүстікте, орталықта, шығысында түнде 8-16 аязға дейін, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді, мұнда түнгі уақытта 3 аязға дейін-7 жылу, күндіз 5-15 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 6 аязға дейін-6 жылы, күндіз 5 аязға дейін-13 жылы төмендейді деп күтілуде. Республика бойынша секундына 15-29 метр дейін желдің күшеюі және тұман күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарда екпіні секундына 30 метр және одан да жоғары жел күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға