Жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт суытады

Қазақстанда күн күрт суытады
Фото: pixabay.com 28.04.2025 13:10 294

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай алып келген циклон ел аумағынан шығады. Оның орнына батыстан антициклон кіріп, алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.

29–30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал 30 сәуір–1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен көрсеткіштерге дейін төмендейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға