Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатыр
Бұл туралы ДСМ мәлім етті
Фото: Total.kz
Фото: Total.kz
12.01.2023 09:20
1088
12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 138 адамнан коронавирус табылып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2 343 адам коронавирус инфекциясынан (–2 198+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
