Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
23.03.2023 12:35
862
Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды, ал коронавирус белгілері бар пневмонияны бірде-бір адам жұқтырмаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
23 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (1 625+ және 170 КВИ-), олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр;
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстанда 34 адамнан, ал оның алдында 66 адамнан коронавирус анықталған еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлыстың Ұлы күнін өзге ұлт өкілдері қалай тойлайды?