Жаңалықтар

Қазақстанда көп балалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?

Қазақстанда көп балалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?
Фото: El.kz 25.04.2023 10:25 1376

Жыл басынан бері көпбалалы Қазақстанда отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 538,3 мың отбасы қамтылды, оларға жалпы сомасы 101,1 миллиард теңге мөлшерінде қаржы үлестірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, оның ішінде наурыз айында 544,3 мың отбасына 34,3 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

«Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде», - деп жазды министрлік.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға