Жаңалықтар

Қазақстанда көлік салығы төмендетіледі

Қазақстанда көлік салығы төмендетіледі
Фото: ©El.kz/Миражан Махан 20.06.2024 17:08 988

Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен барлық жеке тұлғаларды толғандыратын нәрсеге назар аударамын. Бүгінде екінің бірі жеке көлігімен жүреді. Енді біз барлық жеке тұлғалар үшін көлік салығы ставкаларын төмендетеміз. Атап айтсақ, 10 жылдан астам қолданыстағы көлікке – 30 %, ал 20 жылдан астам қолданыстағы көлікке екі есеге дейін төмендейді, - деді Әмрин.

Вице-министр зейнеткерлерге де арнайы жеңілдіктер қарастырылатыны жөнінде айта кетті.

Зейнеткерлер үшін біз жеке табыс салығы ставкасын төмендетеміз. Бүгінде осы іспеттес негізгі ұсыныстар келді, - деп түйіндеді вице-министр.

Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен отырысыта жаңа салық кодексінің таныстырылымы өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға