Жаңалықтар

Қазақстанда кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу талқыланды

Қазақстанда кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 01.11.2024 20:19 322

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың төрағалығымен кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шараға мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінің негізгі тақырыбы нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау шеңберінде кемсітушілікке қарсы заңнамаларды әзірлеу мәселелері бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді талқылау болды.

Жұмыс тобының мүшелері биылғы қорытынды отырысқа одан әрі ұсынымдар беру үшін мемлекеттік органдардың ұстанымдарын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға