Қазақстанда кеме командирінің дипломын алу жеңілдеді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Кемелердің командалық құрамының тұлғаларына диплом беру» мемлекеттік қызметіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін бұл дипломды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жеке бөлімшесіне өтініш жіберу қажет болатын. Ал үміткерлердің білімін бағалау біліктілік комиссиясының алдында дәстүрлі форматтағы емтихан арқылы жүргізіліп, қызмет көрсету уақыты 22 жұмыс күніне жалғасатын. Енді аталған мемлекеттік қызмет автоматтандырылып, оны алу рәсімі оңтайландырылды.
Оқи отырыңыз:
- LRT-ны салып жатқан қытайлық компанияның неге репутациясы төмен?
- «Үздік педагог»: жеңімпазға 3,4 млн теңге беріледі
Ведомство мәліметінше, енді емтиханды онлайн тапсыруға болады. Одан қалды сұрақтар саны да қысқарады.
Кеме экипаждарына арналған емтихан енді тестілеу түрінде өткізіліп, оған өтініш eGov порталы арқылы жолданады. Тестілеуді тапсыру кезіндегі сұрақтар 20-дан аспайды. Сонымен қатар тестілеудің уақыты қысқартылып, 40 минуттан тұратын болды, - делінген мәліметте.
Емтихан мемлекеттік корпорацияның (ХҚКО) ғимаратында өткізіледі. Тестілеуден сүрінбей өту үшін сұрақтардың жауабы 80%-ға дұрыс болуы тиіс. Сонымен қатар дипломды табыстау мерзімі де қысқарған.
Кәсіби диплом 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей табысталады. Ал оның көшірме нұсқасын беру уақыты - 2 жұмыс күні, - делінген мәліметте.