Жаңалықтар

Қазақстанда халық саны 20% өсті

Қазақстанда халық саны 20% өсті
Фото: © El.kz 30.10.2023 11:23 1318

2009 жылғы санақтан бері Қазақстан халқы 20% өсті. Тиісінше, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақ қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адамды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үш өңірде халық саны 2 млн адамнан асты – Алматы (2 146 576) мен Түркістан облыстары (2 054 021) және Алматы қаласы (2 030 285).

Бұл ретте санақ арасындағы кезеңде халықтың ең көп өсуі Астана қаласында – 2 есе (613 мыңнан 1 234 мың адамға дейін), Шымкент қаласында 1,5 есе (730 мыңнан 1 112,4 мың адамға дейін) және Маңғыстау облысында (485 мыңнан 735 мың адамға дейін) байқалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға