Жаңалықтар

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?
Фото: Жеке мұрағаттан 05.10.2023 13:12 3076

El.kz ақпарат агенттігі әр бейсенбі сайын еліміздегі түрлі мамандық иесінің бір күндік өмірі туралы тұрақты түрде жазып келеді. Бүгінгі күн ұстаздар мерекесіне сәйкес келгендіктен де оқытушы, ғалымның бір күніне арнағанды жөн көрдік.

Қоғамды алға сүйрейтін, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын мамандық иелерінің бір күндік өмірі қалай өтеді? Осы салада қандай өзекті мәселелер бар? Осы сұрақтардың жауабын іздеп Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Филология ғылымдарының докторы – Сәуле Тапанованың жұмыс орнына бардық. 48 жылдан бері жоғары білім беру саласында табан аудармай еңбек етіп келе жатқан тәжіибелі ғалыммен жақынырақ таныстық.

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Біз барғанда Сәуле Есембекқызы «Журналистика» мамандығында оқитын 2-курс студенттеріне «Шешендік өнер» пәнінен сабақ беріп жатыр екен. Сабақ еркін форматта, талқы түрінде өтіп жатты. Сілтідей тыныштықтағы аудиторияны көрмедік. Студенттерден еркіндік байқалады.

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

- Сәуле Есембекқызы, қазіргі студенттер тым еркін әрі ойын ашық айтатын сияқты. 48 жылдан бері оқытушы болып, сабақ беріп келе жатырсыз. Бүгінгі студент пен кешегі студенттің айырмашылығы қандай?

- Жастар жылдан-жылға нашарлап бара жатыр деген көзқараспен келіспеймін. Керісінше, олар бәсекеге қабілетті, жаңа технологияны жетік меңгерген, ойы ұшқыр. Ойларын ашық әрі еркін жеткізе алады. Мұндай жастармен жұмыс істеудің өзі ғанибет. Тек бір қиыны біз жастарға жағдай жасай алмай отырмыз. Сабақтарымда пікірталас форматын жиі пайдаланамын. Әжептеуір ой қорыта алатын жастарды көріп қаламын. Бірақ көбі өз болашақтарын Қазақстанмен байланыстырғысы келмейді. Ең өкініштісі – осы. Одан бөлек, біздегі жақсы кадрлардың барлығы шетел асқысы келіп тұрады. Ағылшын тілін білетін жас мамандар оқуын аяқтағаннан кейін сол жақта қалып қойғысы келеді. Өйткені олар Қазақстанға келіп, 200 мың теңге айлыққа жұмыс істегісі келмейді. Еңбек лайықты бағалануы керек. Қазір жастар жақсы өмір сүргісі келеді. Өз деңгейінде бағаланғанын қалайды. Біздің кадрларымыз – біздің болашағымыздың кепілі. Ертеңгі күні бір жас ғалым жаңалық ашса, оның экономикамызға әсері қандай болатын еді?.. Осыны ескермей жатырмыз. Ғылымға ақша бөлу керек. Жылда ғылыми жоба байқауы өтеді. Жылда осы жобаның айналасында шу шығады, әртүрлі әділетсіздіктер болады. Қазір зерттейтін тың тақырыптар көп. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі кітапханаларда, архивтерде отырып, зерттеуге көп қаражат керек. Бұл білім және ғылым саласының ғана проблемасы емес. Күллі қазақстандық жүйенің проблемасы. Жалақы жағынан жарытып жатқан жоқ. «Сіздерге мынадай жалақы беріп отырмыз, неге ғылыми жұмыспен айналыспайсыздар?» деп талап ететіндей емес. Қазіргі жастарға ғылымға келуге материалдық жағынан стимул болатындай себеп жоқ. Осы жағдайдың өзі біздегі ғылым мен ғалымның қазіргі күйін сипаттап тұр. Жастар түгілі жетпіске келген біздің өзіміз шетелге барып, олардағы жоғары білім беру саласы, ғылым саласы қандай екенін көзбен көргіміз келіп тұрады. Көрсем, білсем, ізденсем деу ғалымға тән құбылыс. Егер оның мұндай қасиеті болмаса, ғалым болмас еді. Мәселен, мен 2016 жылы «Үздік ЖОО оқытушысы» атандым. Сыйақы ретінде берілген қаржыны ғылыми ізденіс жолына жұмсадым. Жапонияға барып, тағылымдамадан өтіп келдім. 18 күн бойы Жапония ғылымының қалай қарыштап дамып кеткеніне тәнті болдым. 50 жыл ғылым саласында еңбек етсең де үйренетін дүние әрдайым табылады. Ғалым болу – үйренуден де, үйретуден де жалықпау. Жаңа зерттеу әдістерін көріп, ғылыми жолымда, оқытушылық жолымда пайдаланып келемін. Мәселен, Халықаралық журналистика пәнінің бағдарламасын осы тағылымдамадан кейін қайта жазып шықтым. Осындай тағылымдамаларға көбірек көңіл бөлсе, ғажап болар еді.

Сабақ аяқталған соң Сәуле Есембекқызының уақытының көп бөлігін өткізетін Баспасөз және баспа ісі кафедрасына келдік. Ол бұл жерде силлабус, оқу бағдарламасын жазады.

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

- Қағаз жұмыстары көп пе?

- Қағаз жұмыстарын уақытысында орындап отырмасаң, жиналып қалады. Ғылыми ізденістен бөлек қағаз жұмыстары да көп уақыт алады.

Кафедрада жиналыс өтеді екен. Жиналыс аяқталған бетте профессорды әңгімеге тарттық.

- Кез келген қоғамның көп насихатталатын тұлғасы ғалымдар болса, сол қоғам алға жылжиды. Біздің қоғамда трендтегі тұлғалар ғалымдар емес екені жасырын емес. Эстрада жұлдыздары, блогерлер, имамдар ғалымдардан көбірек танымал. Бұған себеп деп ойлайсыз?

- Теледидарды қай уақытта қоссаң да әртістер ақыл-кеңес беріп отырады. Жеңіл-желпі дүниеге құмар болып кеттік. Таңғы-ақпараттық, кешкі прайм-таймда сараптамалық хабарлар бар. Неге осы хабарларға ғалымдарды шақырып, келелі әңгіме өрбітпейді? Бір жағынан ғалымдар айтар ойы қоғам үшін пайдалы, екінші жағынан ғалымдар насихатталар еді. Балалар еліктейтіндей тұлға жасауымыз керек. Бір жылдық хабарларын қарап, саралап шықсақ, 3-4 қана ғалымды шақырғанын көруге болады. Оның өзінде мерейтойы болатындар ғана ескеріледі. Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерге ғалымдар үн қатуы керек. Әншілер, блогерлердің алға шығуы балалардың жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Бұл – қауіпті құбылыс. Еліміздің басына қандай күн туса да қиындықтан алып шығатын жол табатын ғалымдар. Елдің тірегі де, тұтқасы да, ұлттық интеллегенциясы да – ғалымдар. Сондықтан осы жағына көңіл бөлмесек, өкініп қалуымыз бек мүмкін. Еліміз дамысын десек, қаражатты білім мен ғылымға құюымыз керек. Ғылым білімнен шығады. Ғылымға көңіл бөлуді мектептегі білімнен бастауымыз керек. Астанада «і» сыныбы бар дегенді естіп, біраз шуладық. Мұның барлығы біздің министрліктер мен Үкіметтің атқаратын жұмысының әлі де көп екенін көрсетеді. Білім талапқа сай болмай, қандай ғылым болады?

Сәуле Есембекқызының университет қабырғасындағы сүйікті орнының бірі – кітапхана. Ол мұнда ғылыми мақалаларын жазуға келеді. Өз замандастарының ғылыми еңбектерін үнемі назарда ұстап отыруға тырысатынын айтады.

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

- Ғалым болу – үнемі ізденісте болу. Күн сайын осы кітапханаға келемін. Кандидаттық, докторлық диссертациямды қорғап шықсам да үнемі ғылыми мақалалар жазып отыруға тырысамын. Өйткені ғалым ғылымға жаңалық алып келіп отыруы керек. Докторанттарым мен магистранттарым бар. Олардың ғылыми ізденістеріне бағыт-бағдар беріп отыру үшін де әлемде кім қандай жаңалық ашып жатыр, барлығынан хабардар болып отыруың керек. Ғылым бір орында тұрған жоқ. Күн сайын жаңалық ашылып жатыр.

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

- Ғалым болу оңай ма?

- «Оқу инемен құдық қазғандай» деп айтып жатады ғой. Ғалым болу – өміріңді ғылымға арнау. Бұл бір айдың, бір жылдың шаруасы емес. Ғылымға  уақытты тиімді пайдаланып, өзіңді сарп етіп кірісу керек. Үлкен ізденісті талап етеді, қиын әрі ауыр жол. Әсіресе, ғылым жолы әйел адам үшін қиын. Марфуға Бектемірова «Бір қолымда – бөбегім, бір қолымда – өлеңім» деп айтқанындай, бала тәрбиесі мен отбасының ұйытқысы бола жүріп ғылым жолында жетістікке жету оңай емес. Мен мысалы кандидаттық, докторлық диссертациямды студенттерге сабақ беріп жүріп қорғадым. Ғылыми жұмыс жазу архивтерде, оқу залдарында отыру керек. Бұл қажырлы еңбек пен темірдей төзімді қажет етеді.

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Қазақстанда ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға