Жаңалықтар

Қазақстанда енді шағын және орта бизнеске басымдық беріледі

Қазақстанда енді шағын және орта бизнеске басымдық беріледі
Фото: gov.kz 28.11.2023 23:03 1626

«Даму» қорының бағдарламалары микро-, шағын, орта бизнесті қолдауға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар ЕДБ, лизингтік компаниялар, микроқаржы ұйымдарына жүгінетін кәсіпкерлер үшін қаржыландыруды арзандатуға бағытталған.

«Шағын және орта бизнеске басымдық беріліп отыр. «Біз ұсынған қолдау құралдары инвестициялауды немесе операциялық шығындарды жабуды қажет ететін кәсіпкерлерге бағытталған. Біз мөлшерлемелердің қазір айтарлықтай  жоғары екенін білеміз. Банктердің қаржы құралдарын пайдалана алатын бизнес көп емес. Бағдарламаның шарттарына сәйкес келсе, кәсіпкер Қорға жүгіне алады, ал біз пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялаймыз. Банкке өзінің бизнес-жобасымен жүгінген, бірақ кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігіне тап болған немесе банктің кепіл саясатына сәйкес келмейтіндер үшін де Қор тарапынан көмек бар. Атап айтқанда, сұралған несие сомасының 85%-на дейін кепіл бола алады және кәсіпкер ұсынған жобасын толық көлемде қаржыландыра алады», - деп түсіндірді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры Светлана Назарюк Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға